Жазғы демалыс қарсаңында балалар ойын-сауық орталықтарында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Жазғы демалыс қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан ТЖМ сауда-ойын-сауық орталықтары мен аквапарктерде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізуде.

  Жазғы кезеңде әсіресе балалары бар отбасылар арасында танымал объектілерге баса назар аударылады. 

  Оқу-жаттығулардың мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  Оқу-жаттығуларды өткізу өрт туындаған кезде адамдар жаппай баратын объектілер персоналының іс-қимылдарын пысықтауға және өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

  Оқу-жаттығу кезінде келушілер эвакуацияланады, бұл азаматтарды ғимараттардан эвакуациялау ережелерімен қосымша таныстыруға мүмкіндік береді.

  Шара барысында өрт сөндіруші-құтқарушылар ықтимал оқиғалардың әртүрлі нұсқаларын пысықтайды, судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы су көздері тексеріледі.

  Бір айдың ішінде сауда ойын-сауық орталықтары мен аквапарктерде 47 өрт-тактикалық оқу-жаттығу және өрт-тактикалық сабақтар өткізілді.

  Оқу-жаттығу мектеп демалысы басталғанға дейін жалғасады.

  ТЖМ адамдар көп жиналатын объектілердегі өрт кезінде мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады:

  – кез келген үй-жайға кірген кезде «шығу» белгілерімен белгіленген қосалқы және апаттық шығуларға назар аударыңыз;

  – төтенше жағдайда жақын маңдағы қауіпсіз эвакуациялық шығу арқылы ғимараттан эвакуациялану қажет;

  – зиянды жану өнімдері үй-жайда сіздің бойыңыз және одан жоғары деңгейінде болуы мүмкін, сондықтан қою түтін орын алған кезде шығуға қарай төмен еңкейіп немесе еңбектеп жылжыңыз, өйткені еденге жақын ауа температурасы төмен және онда оттегі көбірек болады;

  – өрт туындаған немесе жану белгілері туралы  «101» немесе «112» телефон нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/993944?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version