КЕЗЕКТІ КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында:
☑️ Аудан бойынша өрт қауіпті кезеңге дайындық іс-шаралары;
☑️ «Шеткоммунсервис» кәсіпорынның қызметі;
☑️ Әдеп нормаларын сақтау;
Ағымдағы жағдай бойынша:
☑️ 2025 жылғы 1 мамырға арналған бюджеттің игерілуі;
☑️ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары;
☑️ БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар мәселелері қаралды.
Аудан әкімі орман-дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыру үшін автокөлік техникасының, материалдық құралдардың дайындығын қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде өрт сөндіру бекеттерін ашу қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, аудан  әкімдігіне  қарасты  мемлекеттік  органдардың  қызметшілері  тарапынан   әдеп  нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауға мониторинг жүргізуді тапсырып, жиын соңында аудан әкімі сала, бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/993996?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version