«Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 12 мамырдан бастап жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде «Тұрғын үй сертификаттарын беру» бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Жетісу облысы мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-44 шешіміне сәйкес, Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі төмендегідей:
Тұрғын үй сертификатының мөлшері – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге, бірақ бастапқы жарна мөлшерінен аспауы тиіс. Бұл сома ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғын үй сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде белгілі бір санаттағы азаматтарға беріледі.
Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың кейбір санаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарламаларға және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес келетін азаматтар мыналар:
Санаттар бойынша:
Жетісу облысының аудандық (қалалық) әкімдіктеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек ететін білім беру ұйымдарының педагогтері;
Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;
Жетісу облысы аумағында еңбек ететін мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабында көрсетілген әлеуметтік осал топтарға жататын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес келетін азаматтар.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына» сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Отбасының кірістерін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынбайтын мәліметтерді қоспағанда);
Жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынбайтын мәліметтерді қоспағанда);
Балалар мен басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтер;
Банктік шот;
Тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) ұстауға арналған ай сайынғы жарналар мөлшері туралы шоттар;
Коммуналдық қызметтерді тұтыну туралы шоттар;
Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдалану үшін жалдау ақысы мөлшеріндегі шот.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov/press/news/details/994029?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау