2025 жылдың наурыз айында ХХ Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы өтті.
Аталған байқауға 1570 бала қатысты.
Ақмола облысынан фестивальге 7 ауданнан, 2 қаладан және 4 арнайы білім беру ұйымынан барлығы 113 бала төрт номинация бойынша қатысып, өнер көрсетті.
Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылындағы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінің қатысушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
II орын – «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша ересек жас топтары арасында «Арт-ложки» ансамблі;
II орынды – кіші жас топтары арасында «Аспаптық орындау» номинациясында «Веселая компания» ұрмалы аспаптар ансамблі иеленді.
Біздің жас таланттарымызды құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/994062?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау