Ардақты соғыс және тыл ардагерлері!
Құрметті жерлестер!
Сіздерді бүгінгі Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Адамзат тарихында миллиондаған жандардың өмірін қиып, ең отты жылдар болып еске сақталған ұлы Отан соғысы ешқашан ұмтылмауға тиіс. Бұл күні Біз сұрапыл соғыста қаза болған және бейбіт кезеңде дүниеден өткен жауынгерлерімізді еске алып, арамызда жүрген майдангерлерімізге деген құрметімізді көрсетеміз.
Қанды соғыс жылдарында отандастарымыз майданның алдыңғы шебінде болып ғана қоймай, тылдағы экономиканың да қуатты тірегіне айналғаны белгілі. Бір ғана біздің ауданымыздың өзінен 6 мыңға жуық адам майдан даласына аттанып, өкінішке орай олардың жартысынан көбі туған еліне оралмады. Аман қалған ардагерлеріміз майданнан қалған күш – жігерін елі мен жерінің өркендеуіне жұмсай білді.
Сондықтан бүгінгі ұрпақ алдыңғы аға буын алдында мәңгі қарыздармыз.
Олай болса, баршаңызды осы бір мерейлі күнмен тағы бір мәрте құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға амандық, ордалы Отанымызға тыныштық тілеймін. Бейбітшілік туы биікте болып, өңіріміз өркендеп, мемлекетіміз гүлдене берсін!
Ізгі ниетпен
Аудан әкімі М. Мұхтаров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/994000?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау