2025 жылдан бастап жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасының аяқталуы әлеуметтік саясаттағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Жастар үшін ұзақ мерзімді баспана мәселесін шешудің орнықты жолы ретінде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаның ұсынылуы мемлекеттік тұрғын үй саясатының жүйелі түрде жаңарып отырғанының айқын көрінісі.
Мәселен, бүгінгі таңда 2026 адам Отбасы банкіне өтініш білдіріп, бұл көрсеткіш жалпы бағдарламаға қатысқан жастардың 81%-ын құрап отыр. Бұл жастардың басым бөлігі жалдамалы пәтерден кейін өз меншігіне үй алуға ұмтылатынын нақты көрсетеді. Ал 647 адамның нақты баспана алып үлгеруі бағдарламаның іске аса бастағанының дәлелі.
Жеңілдетілген ипотека шарттары бастапқы жарнасының 10-20% аралығында, ал жылдық мөлшерлеменің 5-9% деңгейінде болуы нарықтағы орташа ипотекалық мөлшерлемемен салыстырғанда әлдеқайда тиімді.
321 жастың тұрғын үй іздеп жатқаны бұл бағдарламаның нарықпен өзара әрекеттестігін көрсетеді. Сонымен қатар, қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігіне байланысты сараптау жұмыстарының жүргізілуі қаржылық тұрақтылық пен тәуекелдерді азайтуға бағытталған сауатты қадам.
Жалпы алғанда, бұл бағдарлама жастардың тек әлеуметтік жағдайын ғана емес, сонымен қатар олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, ұзақ мерзімді жоспар құруға және отбасылық тұрақтылыққа бағытталған маңызды әлеуметтік инвестиция. Осылайша, мемлекет жалдамалы тұрғын үйден кейін де жастарды назардан тыс қалдырмай, оларды тұрғын үй нарығына толыққанды қатысушы ретінде қалыптастыруға күш салып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/994842?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау