2025 жылғы 1 мамырда Екібастұз қаласының «Қазақстан» орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ел бірлігі» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шарада түрлі этностардың өкілдері ұлттық киімдерін киіп, «Әралуандықтағы бірлік» қағидасын паш етті. «Достық керуені» этно-көрмесіне қатысушылар ұлттық дәстүрлер мен мәдениеттердің байлығын көрсетті.
Сондай-ақ, бүгін елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған республикалық «Бірлік жүгірісі-2025» марафоны өтті. Қала жастары мен тұрғындары «Бір шаңырақ астында» атты арт-объектіге белсене қатысып, Отан, бірлік пен достықтың символын бейнеледі. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин құттықтау сөз сөйлеп, «Достық Үйі» КММ, Аналар кеңесі және «Жастар» қоғамдық ұйымының этномәдени бірлестіктерінің төрағаларын алғыс хаттармен марапаттады.
Концерттік бағдарламада И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның «Самиян» вокалдық тобы, Астана қаласынан шақырылған әртістер Асылхан Шалқаров және «Кадыр» лезгинка мектебі өнер көрсетті. Бағдарламада 30-дан астам нөмір болды, олардың репертуарында әртүрлі халықтардың әндері мен билері орындалды.
Балаларды қолдау орталығының шығармашыл, тамаша кішкентай достарына үнемі қолдау көрсетіп, әрдайым серіктес болғандары үшін алғыс айтамыз! Олар біздің шарамыздың ең басты, жарқын сәні болды! Сондай-ақ, «Атамұра» МО әртістеріне, ОХА «Очарование», ОТТ «Джуманджи», «Арман» вокалды-эстрадалық ұжымына, Естай атындағы музыка мектебіне, «Самұрық» шығармашылық ұжымдарына, «Достық Үйі» КММ шығармашылық ұжымдарына, қалалық өлкетану мұражайына және орталық қалалық кітапханаға алғыс білдіреміз!
Ассамблеяның арқасында барлық этностардың дәстүрлері сақталып, мәдениеті дамып келеді. Біз – үлкен отбасымыз, бір шаңырақ астында көптеген ұлттар мен ұлыстар тұрады! әрқайсысы өзінше ерекше және Қазақстанның құтты жерінде тату-тәтті өмір сүруде!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-cultura/press/news/details/994207?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау