Депутаттар 2024 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы және Павлодар ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы мәселелерді қарады.
Бюджет шығыстары 99,8% – ға игерілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (98,5%) жоғары.
Есептің қорытындысы бойынша бюджет оң көрсеткіштермен орындалды. Қаражат басым салаларға тиімді бағытталды: білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, әлеуметтік қорғау және абаттандыру. Бюджет есебінен балалар және спорт алаңдары салынды, көше жарығы жүргізілді, жолдар жөнделді, сумен жабдықтау және ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша жобалар іске асырылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға және ауылдарға жас мамандарды тарту үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Депутаттар Шақат ауылындағы КБМ жай-күйі және көлік құралдарына салық түсімі мәселелеріне қызығушылық танытты.
Қабылданған шешімдер ауданның тұрақты дамуына және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/994557?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау