Алматы облысының Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясымен стратегиялық серіктестігі маңызды әрі тиімді бағытта дамып келеді. Бұл ынтымақтастық тек экономикалық және саяси салада ғана емес, сонымен қатар өзара қолдау мен тату көршілік қатынастардың нығаюына да негіз болып отыр. Қазақстанның алғашқы стратегиялық серіктестіктерінің бірі – Қытай, әрі осы елмен ынтымақтастық моделінің табыстылығы айқын байқалуда.
Қонаев қаласында Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев Қытайдың Цзянсу провинциясынан келген делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өзара пікір алмасты.
Айта кетейік, Алматы облысы Қытаймен шекаралас аймақ ретінде ерекше географиялық маңызға ие. Ұзындығы 1 700 шақырымды құрайтын шекара елдер арасындағы байланыстардың тығыздығы мен серіктестіктің зор мүмкіндіктерін көрсетеді. Қытай Қазақстан үшін маңызды сауда серіктесі болып табылады, ал Қытаймен жасалған кездесулер әрқашан үлкен мәнге ие.
2025 жыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 33 жыл толатын ерекше жыл болып табылады. Осы уақыт аралығында екі ел арасында тұрақты және көпсалалы серіктестік қалыптасты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қытай – Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі сенімді досы. Қытаймен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Алматы облысы мен Қытай арасындағы серіктестік болашақта екі жақтың да дамуына үлкен үлес қосып, екі ел арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/994212?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау