Алматы қаласы Әділет департаментінде (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы мамыр айының 14 жұлдызы ҚР Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласы Әділет департаментінде (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қызметшілерімен ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзуға жол бермеу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Сатхожина З.М. және Департамент қызметкерлері қатысты.

З.М. Сатхожина мемлекеттік қызметшілерінің орындалушылық және еңбек тәртібін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау, әлеуметтік желілерде, жұмыс және жұмыс уақытынан тыс уақытта мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік сақтау бойынша ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/995439?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version