2025 жылғы 11 мамыр — елімізде Аналар күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке – аналардың бала тәрбиесіндегі, салауатты қоғам қалыптастырудағы және отбасы құндылықтарын нығайтудағы баға жетпес еңбегін ардақтайтын күн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 3 сәуірдегі №829 Жарлығына сәйкес, “Күміс алқа” мемлекеттік наградасымен марапатталған ауылымыздың ардақты аналары:
🔹 Алданиязова Ақнұр Балтабайқызы
🔹 Мұқаева Гүлдана Елубайқызы
🔹 Ізмағамбетова Сәлима Әскерқызы
Аталған аналарымызды Сарыжар ауылдық округінің әкімі Түкібаев Ерлан Болатұлы салтанатты түрде марапаттап, ізгі тілегін білдірді.
🌷 Құрметті аналар!
Сіздердің жүрек жылуларыңыз, мейірімдеріңіз бен елге сіңірген еңбектеріңіз — ұрпаққа үлгі!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен шаттық тілейміз! Марапаттарыңыз құтты болсын! 🌷
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-saryzhar/press/news/details/994073?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау