12 мамыр күні аналар күніне орай, ауылдық мәдениет үйінде концерт өткізілді. Шара барысында ауыл әкімі Ж.Өмірқұлов “Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті ардагері” төсбелгісімен Нұрманова Замзагүл Ізбасарқызын, Тоқтанаева Әбікүл Асқарбекқызын және бірқатар көпбалалы аналарды “Алтын алқа”, “Күміс алқа” марапаттарымен марапаттап, ел дамуына қосқан үлестері үшін алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, аналар кеңесінің төрайымы А.Адилова мен ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Досымбеков сахна төріне шығып, аналарды айтулы мерекемен құттықтап, аналардың мейірімі мен парасаты әрдайым қоғамға үлгі екенін атап өтіп, жүрекке жылы сөздерін арнады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-lugovoy/press/news/details/994193?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау