А.ж. 12 мамырында республикалық «Балдәурен» балалар сауықтыру орталығында «Жас Ұрпақ» бірлестігі мүшелерінің алғашқы слеті өтті.
2024 жылғы 28 қарашада облыс прокуратурасы мен білім басқармасының бастауымен «Жас Ұрпақ» бірлестігі құрылған болатын.
Жобаның мақсаты: балаларды ұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу, аға буынға құрмет көрсету, әдепке, құқықтық сауаттылыққа оқыту және т. б.
Жобаның басты міндеттерінің бірі-кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Бүгінгі таңда бірлестікке 1 мыңнан астам балалар қабылданды, ал ниет білдіргендер саны 10 мыңнан астам.
Бұл бастама белсенді жастарды тәрбиелеудегі маңызды қадам болды және Мемлекет басшысының «Заң және Тәртіп» қағидатының негізгі айғағын көрсетеді.
Балаларды тәрбиелеуде, шығармашылық және рухани қасиеттерді дамытуда оң нәтижелерге қол жеткізілді. Облыстың 20 аймағынан бірлестіктің 100 үздік қатысушысы «Асық Ату», «Бес Асық», «Арқан тарту» және басқа да ұлттық ойындарға қатысты.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/994401?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау