Ақтөбе волейболшылары – Жастар арасындағы чемпион

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

13 мамыр күні Ақтөбе теміржол вокзалында VI Жастар ойындарында еліміздің 18 үздік құрамасы ішінен  чемпион атанған Ақтөбе облысының «Aliya» волейбол командасын жергілікті жанкүйерлер күтіп алды.

Бұл спорттық дода Тараз қаласында 2008–2009 жылы туған қыздар арасында өткізілген болатын.

Жеңімпаз спортшыларды Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Жанболатович өзі қарсы алып, жеңісімен құттықтады.

Ол қыздардың ерік-жігері мен жанкештілігін атап өтіп, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/994776?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version