Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, 16 жасқа толған азаматтар жеке куәлікпен құжаттандырылуға міндетті. Жеке куәлік Қазақстан Республикасы азаматтарына 16 жастан бастап беріледі. Атырау қаласы бойынша қазіргі таңда 1577 азамат жеке куәліксіз жүргендіктен, ҚР ІІМ жолдаған тізімге сәйкес халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, Атырау қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттандыру жұмыстарын ұйымдастыруда.
Сонымен қатар, биылғы 30-31 мамыр күндері еліміздің барлық ХҚКО-да Балаларды қорғау күніне орай акция өтеді. Іс-шара аясында 16 жасқа толған жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктер мен паспорттар салтанатты түрде табысталады. Бұл шара жастарды патриотизмге тәрбиелеу, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру мақсатында өткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/995308?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау