АВТОЖОЛ САЛАСЫ БОЙЫНША 2025 ЖЫЛҒА ЖОСПАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 28,0 млрд тг. бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 17,7 шақырым көше жолдарын құрылыспен, 8,0 шақырым қайта жаңғыртумен және 443,8 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған.

Оның ішінде:

61,4 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;

47,2 шқ – аудандық маңызы бар;

335,2 шқ – елді мекен көшелері.

Барлығы 181 жоба іске асырылып, 469,5 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта жөндеулермен қамтылды.      

Оның ішінде:

«ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында – 23 жоба немесе 108,6 шқ.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 79 жоба немесе 202,2 шқ.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 6 жоба немесе 20,3 шқ. 

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 3 жоба немесе 5,4 шқ. 

Жергілікті бюджеттерден – 70 жоба немесе 133,0 шқ.

Бөлінген қаржылар ішінде жалпы 3,4 млрд. теңге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары атқарылатын болады.

Жол жөндеу жұмыстарының сапасы ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қармағындағы  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен» қадағаланып, барлық қолданылған материалдар мен жұмыстарға зертханалық сараптама береді. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, нысандар пайдалануға тапсырылады. Сараптама қызметіне жергілікті бюджеттен 170,8 млн. теңге бөлінді.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-transport/press/news/details/994755?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version