Бүгін Тараз қаласы, «Әулиеата» ауданының әкімі Барлық Төреханов №4 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесті.
№33 орта мектепте өткен басқосу барысында әуелі округтің бас инспекторы Айгүл Пашір атқарылған жұмыстарды баяндады.
– 2024 жылы аумақтық округте бірқатар жоба жүзеге асты. Атап айтсақ, Қылышбай ақын, Павлов, Адамбаев, Артем көшелері мен бұрылыстарына және Ақмола көшесінің бұрылыстарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Әйтиев көшесінің жаяу жүргіншілер жолы түнгі жарықтандыру орнату арқылы қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ Ниетқалиев, Жүнісәлиев, Сағындықов және Алтай көшелері мен бұрылыстарын қоса алғанда №21 балабақшаға дейін және Жанқоразов, Фазлаев көшелері мен қиылыстары орташа жөндеуден өтті, – деген Айгүл Тұрсынбайқызы биылға межеленген жоба-жоспарларды да назардан тыс қалдырмады.
Келесі кезекте тұрғындар тарапынан жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, аялдамаларды жаңалауға байланысты сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Жиынды қорытындылаған Барлық Әдепқанұлы кездесуде көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, сол бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/995422?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау