«АУЛА ОЙЫНДАРЫ-2025» ОБЛЫСТЫҚ СПОРТТЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Тараз қаласының Қ. Рысқұлбеков саябағында «Аула ойындары-2025» облыстық спорттық фестивалі өтуде. Ауқымды шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен ұйымдастырылуда.
Фестивальдің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, аула ойындарын қайта жаңғырту арқылы балалар мен жастарды спортқа баулу, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу.
«Аула ойындары-2025» облыстық спорттық фестивалінде  қалашық, ләңгі, асық ату, орта доп (вышибалы), секірмек сынды спорт түрлерінен жарыстар өткізілуде.
Фестивальде облыс аудандары мен Тараз қаласынан 300-ден астам қатысушы бақ сынауда. Қатысушылар әр спорт түрінен 3 санат бойынша жарысқа қатысуда: 1 топ – 14 жасқа дейін; 2 топ –14-17 жас аралығы және 3 топ – 18 жас және одан жоғары спортшылар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/994479?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version