Байғанин ауданына сапар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, кеңесшісі Ольга Ивановна Можаева және Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Бұлбұл Бейсенбайқызы Күзембаева Байғанин ауданы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің жұмысымен танысты.

Қонақтар мектепте жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасының аясындағы жұмыстармен танысып, сабақ кестесіне сәйкес физика пәні мұғалімі Шерхан Қозыбайұлының онлайн сабағына қатысты.

Сапар барысында қор өкілдеріне мектептегі ғылыми жобалар, зерттеу жұмыстары, зертханалық кабинет қызметі көрсетіліп, жас зерттеушілердің шығармашылығымен таныстырылды. Сондай-ақ оқушылардың жан-жақты дамуына арналған арт-студия, теле-студия, кітапхана және технология кабинеттерінде жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Одан әрі жоба аясында Көкбұлақ шағын жинақты мектебіне бару ұйымдастырылып, ассистент мұғалімдермен сұхбат жүргізіліп, оқу кабинеттерінің қызметімен танысты.

Сонымен қатар, тірек және шағын жинақты мектеп басшыларымен онлайн форматта кездесу өткізіліп, жоба бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова облыста жүзеге асырылып жатқан жобаға оң бағасын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/995361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version