Балалардың жазғы демалысын қалай ұйымдастыруға болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы кезеңде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі және балалардың шығармашылық дамуы, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байыту үшін мүмкіндік болып табылады.

Балалардың демалуы мен сауығуы-бұл балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды, балалардың дене шынықтырумен, спортпен және туризммен айналысуын, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруды, санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындай отырып, олардың тамақтану режимі мен қолайлы ортада өмір сүруін сақтауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені.

Балалар күндіз болатын жазғы сауықтыру лагері жазғы каникул кезінде балалар мен жасөспірімдерде сауықтыру, демалу және каникул уақытын ұтымды пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау, салауатты өмір салтының жалпы мәдениеті мен дағдыларын қалыптастыру; балалардың денсаулығын, шығармашылық еңбегін нығайту, олардың қабілеттерін іске асыру үшін барынша жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылады.

Елорданың білім беру мекемелерінде оқушылар үшін жазғы демалыс

ұйымдастырылып, жоспарланған. Астана қаласында қала сыртындағы лагерьлер жоқ. 2025 жылдың жазғы маусымында 92 мектеп жанындағы лагерьлер және М. Өтемісов пен Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайларында лагерьлер жұмысы ұйымдастырылады.

Балалардың демалуына арналған нысанды таңдау кезінде төмендегілерді ұсынамыз:

    1. Рұқсат беру құжатының – объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуына назар аударуды;
    2. Лагерьдің медицина қызметкерін балалардың созылмалы ауруы немесе аллергиясы бар екендігі туралы, белсенді демалыс үшін қарсы көрсеткіштер туралы алдын ала ескеру: спортпен шұғылдану, су рәсімдері және т. б.;
    3. Балаларға қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіруді;
    4. Күн сайын балаларға тыйым салынған жерлерде, соның ішінде қалалық субұрқақтарда шомылу өте қауіпті екенін ескерту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/995216?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version