2025 жылғы 13 мамырда” Фрунзе ауылдық Мәдениет үйі ” КМҚК Денисов ауданының әкімі Р.Ж. Катпаевтың Красноармей ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауылдық округте абаттандыру бойынша алдағы жұмыстар туралы ақпарат жеткізілді. Тұрғындар ауыз судың сапасына, ауа-райының қолайсыздығы кезінде электр энергиясының жиі үзілуіне, көшеде электр есептегішін орнату тарифтеріне, Молодежная көшесі, Фрунзе ауылы бойынша ескі ғимаратты бұзуға қатысты сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға толық жауаптар берілді. Сондай-ақ, Денисов ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Денисов ауданы бойынша алаяқтық және оған қарсы күрес туралы ақпарат берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-krasnoarmeisk/press/news/details/995604?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау