Іс-шара туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 мамыр күні сағат 10:00-де Қарабалық ауданында «Ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы өзара әрекеттестік пен бірлік» атты тренинг өтеді.

Іс-шараға облыстық деңгейдегі психолог-маман қатысады.

Мақсаты – жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы тиімді қарым-қатынасты дамыту, тұрақты коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру және отбасындағы бірліктің деңгейін анықтау.

Спикер – Туркестанова Динара. Тәжірибелі психолог, EMDR-терапевт, Еуразиялық EMDR қауымдастығының мүшесі, корпоративтік және қоғамдық салаларда үлкен тәжірибесі бар маман. Оның серіктестері қатарында ALLUR, QazTehna, АгромашХолдинг KZ компаниялары және IT STEP халықаралық компьютерлік академиясы бар.

Іс-шара «Sanaly urpaq – 2050» ҚҚ ұйымдастыруымен және Қарабалық ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Отан отбасынан басталады» жобасы аясында өткізіледі. 

Толық ақпарат алу үшін: 8-775-604-17-77 нөміріне хабарласыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/994765?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version