КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
☑️ Ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы және инвестициялық жобалар тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы
☑️ Елді мекендердегі жүргізілетін су құбырлары туралы
Ағымдағы жағдай бойынша:
☑️ Аудан аумағындағы фельдшерлік-акушерлік пункт құрылыстарының жағдайы
☑️ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына;
☑️ БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстары мәселелері қаралып, сала бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аудан әкімі бизнес жобаларды жүзеге асыру мен елді-мекендердегі жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған, жаӊадан кәсібін ашқан азаматтарға қолдау танытып, көмек көрсету жұмыстарын және ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылыс жұмысы басты назарда болуын, жауапты ауылдық округтер, кенттер әкімдеріне және бөлім басшысына сапалы құрылыс жұмыстарын жүргізуі қажет екендігі тапсырылды. Сонымен қатар сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/995173?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version