КЕНТАУДА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған құрмет көрсету шарасы өтті.

Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, Отан үшін еткен өлшеусіз еңбектеріне алғыс білдірді.
«Сіздердің соғыс жылдарындағы қажырлы еңбектеріңіз, төккен терлеріңіз – ел жадында мәңгі сақталады. Сіздердің ерліктеріңіз – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі», – деп атап өтті.

Мерекеге орай ардагерлерге мерекелік төсбелгілер мен облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттары табыс етілді.

Ардагерлерге көрсетілген бұл құрмет – олардың ел алдындағы еңбегінің лайықты бағалануы болып табылады.
Мерекелік шара қаланың өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/995135?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version