Маңғыстаулық жас математик Медеу Джубатыров 7–13 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен III халықаралық Аль-Хорезми олимпиадасында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы ел намысын абыроймен қорғап шықты. 9 елден 205 оқушы қатысқан додада Медеу Джубатыров үздіктер қатарынан көрінді. Ол Қазақстан құрамасындағы 3 оқушының бірі.
Байқаудың басты мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау, олардың математика мен информатика салаларындағы білімдерін халықаралық деңгейде көрсетуіне мүмкіндік беру.
Биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі – жарысқа алғаш рет информатика пәні де қосылып, ІТ саласына бейімі бар оқушылардың қабілеттері сыналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/995085?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау