«Отбасын қолдау орталығы» жаңа ғимаратқа көшеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласы, «Қаратау» шағын ауданы, 39 «А» мекенжайындағы 1978 жылғы ғимаратты жөндеу жұмыстары биыл басталады. Бұл ескі ғимарат жаңа кейіпке еніп, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып пайдалануға беріледі. Аталмыш ғимарат 1 қабатты, құрылыс аумағы – 617,6 м2, жалпы көлемі – 497 м2.

Ғимараттың жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тиісті қаражат бөлініп, жеңімпаз «Құрылыс сауда экспо» ЖШС жұмыстарды жүргізуде.

Айта кетейік, «Отбасын қолдау орталығы» қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) өз құзыреті шегінде қолдау жұмыстарын үйлестіреді. Сонымен қатар мемлекеттік отбасы саясатын дамытып, некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешуге көмектесіп, қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу және тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру жұмыстарын атқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/995438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version