Қарағанды облысында полиция мен тұрғындар тазалықты бірге сақтауда
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өңір полицейлері қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, экологиялық тәртіпті бұзушыларға қарсы жүйелі жұмыстар жүргізуде. Ортақ жауапкершілік пен ынтымақтастықтың нәтижесінде бүгінде рұқсат етілмеген 180 қоқыс алаңы анықталып, жойылды. Әлеуметтік желілер бұл бағытта маңызды құралға айналып отыр. Мысалы, Instagram желісінде Қарағанды тұрғыны су қоймасы маңындағы заңсыз қоқыс тастау туралы хабарлама жариялағаннан кейін, полиция өкілдері дер кезінде әрекет етіп, құқықбұзушы жүргізушіні анықтап, тиісті шара қолданды.
Белгіленбеген жерлерге қалдық төккені үшін 10 жүк көлігі айып тұрағына қойылып, иелеріне салдарын жою міндеттелді. Қала аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған екі айлық акция барысында облыс полицейлері санитарлық нормаларды бұзудың 5 мыңнан астам дерегін тіркеді. Сонымен қатар абаттандыру ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін 200-ден астам мекеме мен кәсіпорын басшылары, оның ішінде құрылыс нысандарының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, 5 мемлекеттік мекеме — аудандық және қалалық әкімдіктердің аппараттары, мәдениет және демалыс парктерін басқару бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары да тәртіп бұзушылықтары үшін жауап берді. Қызмет көрсететін аумақтардағы тазалықты сақтамағаны үшін 14 ПИК (ОСИ) төрағасы және 12 тұрғын үйге жауапты тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Жыл басынан бері облыс аумағында 16 мыңнан астам санитарлық талап пен абаттандыру ережесін бұзу фактісі тіркелді. Бұл – қоршаған ортаны қорғау және қала тазалығын сақтау мәселесінің өзектілігін, сондай-ақ полиция мен қоғамның бірлескен жұмысының маңыздылығын айқын көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/995375?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау