ҚР Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев «Hovid» малайзиялық фармацевтикалық компаниясының штаб-пәтеріне барып, оның басшылығымен кездесті.
«Hovid» – 80 жылдан астам тарихы бар, Малайзиядағы фармацевтика саласының жетекші компанияларының бірі. Компания 400-ден астам өнім түрін, оның ішінде дженериктерді, рецептсіз сатылатын дәрілерді және биологиялық белсенді қоспаларды шығарады. Компания өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады, бұл оның өнімдерінің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. «Hovid» халықаралық GMP және ISO стандарттарына сәйкес сертификатталған заманауи өндірістік қуаттарға ие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді дамытуда.
Кездесу барысында қазақ дипломаттары еліміздің фармацевтика нарығының мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығын таныстырды. Тараптар «Hovid» компаниясы мен Қазақстанның фармацевтикалық және дистрибьюторлық компаниялары арасындағы ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылады. Әсіресе өндірісті жергіліктендіру, технологиялар алмасу және өнімді Қазақстан нарығына жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/994419?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау