Германия мен Қазақстанның сайлау жүйесі саласындағы тәжірибесі талқыланды. Іс-шараға Германиядан келген халықаралық сарапшы, экс- бургомистр, саяси партия өкілдері, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының өкілдері қатысты.
Мен сайлау құқығы — бұл сайлау тәртібін реттейтін құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы және конституциялық құқықтың бір саласы ретінде азаматтардың сайлауға қатысу және сайлану құқығын қамтитынын атап өттім.
Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекет істерін басқаруға тікелей және өз өкілдері арқылы қатысуға, жеке өтініш жасауға, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштерді мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберуге құқылы.
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын кешенді бағалау аясында әртүрлі құқықтар мен бостандықтардың маңыздылық рейтингісін талдауға ерекше назар аударылады.
Қоғамдық пікірді зерттеу қазақстандықтардың көпшілігі үшін жеке және әлеуметтік-экономикалық құқықтар (жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығы, жеке және отбасылық құпия (3303 респондент) аса маңызды екенін көрсетті. Сайлау және сайлану құқығын 280 адам көрсетті.
Бұл елдегі құқықтық жүйенің жалпы алғанда тиімді жұмыс істейтінін және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететінін көрсетеді.
Тікелей бұзылған құқықтар мәселесіне келсек, азаматтар ең көп бұзылған құқық — еңбек ету және оның әділ ақысы құқығы екенін көрсетті (133 бұзушылық). Сайлау және сайлану құқығы — 21.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/994227?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау