Қазақстандық делегация Кореядағы семинарға қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 12-22 мамыр аралығында Қазақстандық делегация Кореяда өтіп жатқан «Орталық Азияда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, жер сілкінісіне бағдарланған апаттарды басқару саласындағы әлеуетті арттыру» семинарға қатысып жатыр. Семинарды Кореяның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) ұйымдастырып, қатысушы елдердегі табиғи апаттардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық мүмкіндіктерді нығайтуға бағытталған.

Семинардың мақсаты – қатысушы елдердің апаттарды басқару тәсілдерін жақсартуға көмектесу, оны бейімдеу арқылы корей тәжірибесін енгізу.

Іс-шара барысында қазақстандық қатысушылар табиғи апаттарды басқару саласындағы ағымдағы ахуал туралы өз елінің есебін ұсынды, ел алдында тұрған негізгі сын-қатерлер мен қиындықтарды талқылады және қолданыстағы басқару жүйелерін жақсарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірледі. Бағдарлама апаттарды басқару саласындағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді терең түсінуге ықпал ететін дәрістерді, практикалық сабақтарды және талқылауларды қамтиды.

Семинар аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерінен (Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан) қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын өз елдерінде табиғи апаттарға дайындық деңгейін арттыру және олардың салдарын барынша азайту үшін қолдануға мүмкіндік алады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpchs/press/news/details/994353?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version