Семей қалалық білім бөлімі облыс прокуратурасымен бірлесіп «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептерінде жастарға арналған іс-шараларды белсенді түрде өткізіп жатыр.
Бұл қағидаттарды Алихан Бөкейханов атындағы университеттің үздік студент-заңгерлері – 56 болашақ құқықтанушы тартылды.
Олар 7-10 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесулер өткізіп жатыр. Тақырыптар – бейресми, бірақ өмірлік маңызды:
– буллинг және оған қарсы тұру жолдары
– нашақорлықтың қауіпі және қылмыстық жауапкершілік
– алаяқтық пен бопсалау схемалары
– өзіңді және жақындарыңды қорғау тәсілдері.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/995212?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау