Ауданда шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді.
Ай сайын негізгі көрсеткіштердің өсу қарқыны байқалады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ШОБ субъектілерінің саны 2184 бірлікті құрады.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2064 бірлікті құрады.
Шығарылатын өнім көлемі 147,8% – ға ұлғайып, 70 млрд. 981 млн. теңгені құрады.
ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 102,1% – ға артып, 4652 адамды құрады.
Бөлшек тауар айналымы 5 млрд. 873 млн теңге сомасында немесе жаңа сауда және қызмет көрсету объектілерін ашу есебінен 101,1% орындалды.
Жыл қорытындысы бойынша 14 бизнес нысаны ашылып, 158,6 млн.теңге инвестицияланды, 27 жаңа жұмыс орны құрылды.
Мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланатын кәсіпкерлер саны артты.
Мәселен, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 2024 жылы 239 млн. теңге сомасына 15 жобаға кредит беру мақұлданды;
оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы 163,5 млн. теңге сомасына 9 жоба мақұлданды, кепілдік беру бағыты бойынша 4,2 млн. теңге сомасына 6 жоба қолдау тапты;
жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған аудан әкімінің жалпы сомасы 12 млн. теңге грантын 10 адам алды;
халықтың әлеуметтік осал топтарынан 10 адам жалпы сомасы 14,8 млн. теңгеге грант алды.
Кәсіпкерлік бастамасы бар аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылып тұрады.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің сайтында кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы материалдар, бейнероликтер орналастырылып, аудандық газетте мақалалар жарияланып, сондай-ақ ақпарат топтық чаттарға жіберіледі.
Кәсіпкерлердің келіп түскен өтініштері бойынша және басқа да түйткілді мәселелерін шешу үшін тоқсан сайын аудан әкімінің қатысуымен кездесулер өткізіліп тұрады.
2024 жылы бизнес өкілдерімен 4 кездесу өткізілді.
Кездесулер барысында көтерілген түйткілді мәселелер оң шешімін табуда.
Кәсіпкерлер мұқтаж және көп балалы отбасыларға жүйелі негізде әлеуметтік қолдау көрсете отырып, қайырымдылық істеріне өз үлестерін қосуда.
Мереке күндері қажетті тауарларға әр түрлі жеңілдік науқандары ұйымдастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prom-osakarovka/press/news/details/995299?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау