Жаз маусымы жақындады. Сондықтан Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті суға түскенде маңызды сақтық шараларын есте сақтауды сұрайды.
Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Суға мас күйінде кірмеңіз.
Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға сүңгімеңіз. Суда шомылушыларды батырып ойнайтын ойындарға жол бермеңіз.
Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдік басқан жерлерде шомылмаңыз.
Күшті ағыспен күреспеңіз. Оны жағаға жақындау үшін пайдаланыңыз. Ешқашан су иірімдеріне жақын жүзіп бармаңыз.
Қатты тоңып қалмаңыз және қатты күн өтіп кетпесін. Егер су температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз.
Жүзу үшін тақтайларды, бөренелерді, қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Үрлемелі матраспен немесе камерамен жағадан алыс жүзбеңіз.
Балаларға суға құлап кететін жерлерде ойнауға жол бермеңіз.
Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны-112.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/994216?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау