2025 жылғы 13 мамырда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төрехановтың Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джумамен кездесуі өтті.
Әңгіме аясында Қазақстан мен Тәжікстанның су-энергетикалық өзара іс-қимылын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің Халықаралық Аралды құтқару қорындағы ынтымақтастығына оң баға берді.
Кездесу барысында алдағы вегетациялық кезеңде су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері, оның ішінде «Бахри Точик» су қоймасынан тұрақты су жіберу тақырыбында талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/994309?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау