«Тағзым» байқауы: Соғыс әндері жүректерге жол тартты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ардагерлер саябағында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Тағзым» атты соғыс жылдарындағы әндер байқауының ақтық кезеңі өтті.
Бұл өнер додасына 50 жастан асқан қала тұрғындары – зейнеткерлік жастағы өнерпаздар қатысты. Ақтық сынға жолдама алған 18 үміткер сахнада өз өнерлерін паш етті. Олардың арасында 12 жеке орындаушы, 2 дуэт және 4 ансамбль бар. Әрбір қатысушы соғыс жылдарындағы рухты көтеретін, отансүйгіштік сезімді оятатын әндерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Байқаудың басты мақсаты – зейнеткер жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру және халық әні мен патриоттық әндер арқылы ұлттық өнерді насихаттау болды. Сонымен қатар, соғыс жылдарында туған әндердің рухани және эстетикалық құндылығын жас ұрпаққа жеткізу де маңызды мақсаттардың бірі ретінде белгіленді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендер мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Патриоттық мазмұндағы әндер жүректерге әсер етіп, жиналған жұртты толғандырып, бір сәтке болса да өткенге ой жүгірткізді. Байқау соғыс ардагерлеріне, олардың ерлігі мен жауынгерлік рухына деген шексіз құрметтің көрінісіне айналды.
«Тағзым» байқауы – өнер мен тарихты ұштастырған тағылымды шара ретінде есте қалды. Мұндай бастамалар егемен еліміздің өткенін ұмытпай, келешекке үлгі боларлық істердің қатарына жатады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/994162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version