ТАЗА ҚАЗАҚСТАН:ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІККЕ МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
«Таза Қазақстан» аясында бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды жалпы аудандық сенбілік жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар А-15, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен қолға алынған жалпы аудандық тазалық шарасы тұрақты түрде жалғасуда. Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 07:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
 
Аудан басшысы тазалық жұмыстарына қызметкерлермен бірге атсалысты. Сенбілік барысын жіті қадағалап, бірқатар ауылдық округ әкімдеріне ескертулер беріліп, тапсырмаларды мерзімімен жүктеді. Орындалу барысын баяндау тапсырды.
Сенбілік барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазартылды. Оған қоса, жол жиектеріндегі шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.Оған қоса, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды,қасбеттерді, аялдамаларды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары атқарылды. Жалпы 6 техника, 1000-ға жуық адам жұмылдырылып, 16 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
 
«Таза Қазақстан» науқанының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/994250?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version