Теміртауда ірі көлемдегі пәтер ұрлығы ашылды
Теміртау қаласында полицейлер ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Қалалық Шығыс полиция бөліміне 56 жастағы тұрғын пәтерінің тоналғаны туралы арызданған. Белгісіз біреу үй иесінің жоқтығын пайдаланып, терезе жақтауын бұзып, пәтерге заңсыз кірген. Күдікті пәтерден қомақты көлемдегі ақша, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар мен белгілі брендтің қымбат ерлер сағаттарын қолды қылған. Залал сомасы 9,5 миллион теңгені құрады. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол — 36 жастағы ер адам болып шықты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Полиция қызметкерлері ұрланған заттарды — алтын бұйымдар мен сағаттарды заттай айғақ ретінде тәркіледі. Қазіргі таңда “Бөтеннің мүлкін ұрлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Сонымен қатар, күдіктінің Теміртау аумағында жасалған өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/995382?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау