ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Астанада өткен пара дзюдодан әлем чемпионатында Бексұлтан Құлмырза топ жарды.
Әлем чемпионатына 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Жаһандық додада Қазақстан ұлттық құрамасындағы жігіттер жоғары деңгейде өнер көрсетуде.
81 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған түркістандық балуан Бексұлтан Құлмырза тамаша нәтижеге қол жеткізді. Ол татамиге төрт рет шығып, қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Осылайша, Бексұлтан Құлмырза пара дзюдо бойынша әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, жеңімпаз жерлесіміз Шардара ауданының тумасы. Облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/995417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version