Тыныштықты бұзғаны үшін 2,5 мыңға жуық павлодарлық жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл басынан бері Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты полицейлер тұрғындар тарапынан тыныштықты бұзу деректерін анықтады. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жауапкершілікке тартылғандардың басым көпшілігі — түнгі уақыттарда көңілді отырыс ұйымдастырып, музыка қойып, дау-жанжал шығаратын көршілер. 

Мәселен, таңғы сағат 04:13 шамасында Павлодар қаласының Байзақов көшесіндегі тұрғындар төменгі қабаттан шыққан қатты дауыстардан оянып кеткен. Мұнда көршілер күн құрғатпай жанжал шығарып, тыныштықты бұзуды әдетке айналдырған. Созылмалы сырқаты бар егде жастағы әйел бірнеше рет оларды сабырға шақырғанымен, мәселені бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаған соң, полицияға хабарласуға мәжбүр болған. 

Тағы бір оқиға таңғы 04:55-те орын алды. Торайғыров көшесіндегі үй тұрғыны түнгі уақытта шектен тыс қатты қойылған музыкадан әбден мезі болып, полицияның көмегіне жүгінген. Оның айтуынша, көршісі музыканы ең жоғары дыбысқа қойып, әсіресе жұмыс күндері мазаны алады. “Мұндай жағдайда өмір сүру қиын. Түсіністікпен сөйлесуге тырыссақ, керісінше, жанжалға ұласады”, – деп ренішін білдірді әйел. 

Тұрғындарға бұдан былай мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. 

Полиция жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23:00-тен таңғы 10:00-ге дейін тыныштықты сақтау керектігін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/994210?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version