Ұлы Отан Соғысына 80 жыл!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Бозтал ауылында тағылымды әрі думанды іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары мен қонақтары бір мезетте ата-баба ерлігін еске алып, батырлар рухына тағзым етті.

Мерекелік шара аясында патриоттық концерт өтіп, мектеп оқушылары мен ауыл өнерпаздары жүрек тебірентер өнерлерін паш етті. Құрметті ардагерлердің рухына сый-құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараның ең қызықты сәті – ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтаған ұлттық ойындар мен ат жарыс болды. Тұлпарлар тартысы мен шабандоздар шеберлігі көрермендерге керемет әсер сыйлады.

Осындай рухты мерекелер ел бірлігін бекемдей түседі. Баршаңызға бейбіт күн, амандық тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen-boztal/press/news/details/995469?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version