Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілген салтанатты іс-шара аясында Самсы ауылдық округінің әкімі Мұхаметжанов Жангелді Маратұлы Тарғап ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Бұл – сұрапыл соғыс жылдарында отан үшін от кешкен боздақтардың рухына тағзым ету, елге жасаған ерліктерін ұрпақ жадында мәңгілік қалдыру мақсатында өткізілген ерекше маңызға ие рәсім. Ескерткіш алдына жиналған ауыл тұрғындары, “мектеп ұжымымен,
жастар қауымы бір сәт үнсіздікпен еске алып, ардагерлерге құрмет білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-samsy/press/news/details/994223?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау