Ұлытау облысында “Ана – өмірдің гүлі” сырласу кеші өтті
13 мамырда №2 үлгілі кітапхана-филиалы Аналар күніне орай «Ана – өмірдің гүлі» атты сырласу кешін ұйымдастырды. Кітапхана қонағы «Ақ әжелер» ансамблінің мүшесі, ардагер ана Шынар Рахатқызы Қажмағанбетова және «Жанұя» отбасылық клубының мүшелері қатысты. Іс-шарада Оқушылар «Ана» әнін жылы тебіреніспен орындап, аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кітапхана қонағы Шынар Рахатқызына құттықтау сөз сөйлеп, жас буынға аналық ақылын білдірді. Шара барысында «Анаңды қаншалықты танисың?» атты сұрақ-жауап викторинасы жүргізілді. Сырласу кеші «Ана туралы жыр» әнімен қорытыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ishki-sayasat/press/news/details/995524?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау