-Ақсу қаласы Сарышығанақ ауылының маңындағы Ертіс өзенінің Тентек саласына “Уылдырық шашу” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде капрон ауымен”тыйым салынған құралмен балық аулауды жүзеге асырған Павлодар облысының тұрғынын ұстады.
Ер адамға қатысты балық аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды-деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінің басынан бастап Павлодар облысының полицейлері 51 бұзушылықты анықтады. Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.
Полицейлер су биоресурстары мен балық шаруашылығы маңызы бар су объектілерін қорғау және сақтау саласындағы бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған “Уылдырық шашу” ЖПШ ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін жалғасатынын және елдің табиғат қорғау заңнамасын бұзбауды сұрайтынын еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/995411?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау