«Заң мен тәртіп» аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және жер телімдерін бөлу мен тұрғын үй табыстау кезінде туындайтын алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында тұрғындарға кеңес беру кездесуі өткізілді.

  Шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды.

  Кездесудің мақсаты-жер телімдерін бөлу және тұрғын үй алу кезегін жылжыту барысында жиі кездесетін алаяқтық әрекеттердің алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу және оның алдын алу бойынша тиімді шараларды қабылдау, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

  Шараға  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменттің және Полиция департаментінің өкілдері,  сондай-ақ қалалық әкімдіктің лауазымды тұлғалары  қатысты.

  Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңашылдықтар, тұрғын үй және жер алу барысында алаяқтық жағдайлары, оның салдары және алдын алу шаралары талқыланды.

  Құқық қорғау органы алаяқтықтың белгілерін анықтау, азаматтарды қорғау және құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар берді.

  Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялар алу үшін, сондай-ақ белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 колл-орталығына хабарласу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/994772?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version