Бүгін Орал қаласындағы №51 мектепте ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Меңдіғалиев модераторлық етті.
Кездесуде облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин «Жайлы мектеп» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысы мен білім саласындағы басым бағыттар туралы баяндады.
«Қазақстанның Еңбек Ері» Эльмара Траисова мен №11 облыстық мектеп-лицей-интернатының директоры Шынар Зулкашева білім берудегі тәжірибе мен жетістіктерімен бөлісті.
Мәлік Нұржанұлының елімізде соңғы жылдары атқарылған істер мен Президентіміздің алға қойған мақсаттары туралы шешендік өнерімен астасқан мазмұнды сөздері педагогтердің жүректеріне жетіп, ерекше жігерлендірді.
Кездесу соңында сала мамандарына сәттілік тілеп, білім беру жүйесін жетілдіру – ел болашағына салынған берік негіз екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/995465?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау