Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН, 14 мамырда Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде “Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу”». «Қарағанды облысында менингококк инфекциясы және энтеровирустық этиологиялы серозды менингиттер бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу” тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.
Семинар жұмысына денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері және қалалар мен аудандардың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.

Семинарда баяндамашылар жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық, әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Қарағанды облысындағы менингококк инфекциясының, энтеровирустық инфекцияның серозды менингиттері эпидемиологиялық жағдайы, менингококк инфекциясының клиникасы, диагностикасы және күдікті науқастарға ауруханаға дейінгі деңгейде медициналық көмек көрсету, олардан материалды алу және зертханаға жеткізу ережелері туралы сұрақтары баяндалды.

Жедел ішек инфекцияларының, әсіресе эпидемиологиялық маусымда алдын алудың маңыздығы атап өтілді. Медициналық ұйымдардың назары ішек инфекциясы белгілері бар науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсетуге, дифференциалды диагностика жүргізуге, жағдайларды есепке алуға және тіркеуге аударылды.

Семинарға қатысушылар инфекцияның таралуын болдырмау үшін, әсіресе ұйымдасқан ұжымдарда менингококк инфекциясы, энтеровирустық инфекцияның серозды менингиттері бойынша эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аударды.
Менингококк инфекциясына күдік туындаған жағдайда клиникаға, диагностикаға және науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсетуге медицина қызметкерлерінің назары аударылды.

Менингококкты инфекция саласындағы эпидемиологиялық саламаттылықты қолдау мақсатында назофарингитпен, ларингитпен ауыратын адамдарды белсенді анықтау, уақтылы санация жүргізу және осы инфекцияның алдын алу және медициналық көмекке уақтылы жүгіну бойынша халық арасында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары талқыланды.
Сонымен қатар, зертханалық диагностика, материалды алу ережелері және материалды зертханаға жеткізу мәселелері қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/995571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version