Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада колледж мұғалімдеріне арналған форсайт-сессия өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында педагогикалық мамандар даярлайтын елорданың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Жұмыс беруші серіктес ретінде: білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы колледждермен өзара іс-қимылдың тиімді модельдері» форсайт-сессиясы өтті, деп хабарлайды елорда Астана әкімдігінің ресми сайты.

Форсайт-сессияны ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім басқармасы, М.Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжі.

Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарды дамыту, колледждердің рөлі және еңбек нарығының талаптары контекстінде болашақ педагогтерді даярлаудың басымдықтары мен міндеттерін талқылау.

Форсайт-сессияға Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары мен әлеуметтік серіктестері, «Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі» мекемесі шақырылды.

Форсайт-сессия шеңберінде:
ашық диалог алаңы;
жетекші педагогтердің тәжірибесін тарату;
әлеуметтік ортаның сұраныстарын ескере отырып білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту;
студенттерді практикалық даярлау бойынша жұмыс берушілермен бірлескен жобаларды әзірлеу;
ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/995096?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version