Облыс орталығында жұмысшы мамандықтар жылына орай жәрмеңкесі өтті, онда ШҚО ТЖД құтқарушылары ең игілі, ерлік мамандығын қалай игеру керектігі туралы нақты айтып берді.
ШҚО ТЖД КжТЖБ қызметкерлері ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу үшін колледж студенттерінің арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оқуға түсу ережелерін, қалай лейтенант шенін алуға болатынын және болашақ азаматтық қорғау офицерлерінің оқытылатын жағдайлары туралы егжей-тегжейлі біле алды.
Сондай-ақ ШҚО ТЖД өрт сөндіру автомобилдерінің жүргізуші-қызметкері мамандығына орналасу туралы да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Қызығушылық танытқандар пайдалы ақпаратарын алды, қызықтырып жүрген сауалдарын қойды, жұмысқа орналасу туралы сұрақтарын қойып құтқарушылардың жұмысына деген қызығушылық ықпалдары артты.
Осындай іс-шаралар жұртшылықты ТЖ жүйесіндегі мамандықтар туралы хабардар етуде маңызды рөл атқарады және құтқару қызметі саласына жаңа кадрларды тартуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/995238?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау