Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Мамыр 20, 2025
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



⚜️ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

Жарияланды:

20/05/2025 20:01

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі.

  ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгіну керек, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – пневмония.

   ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін эпидемиологиялық маусым кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу мыналарды қамтиды:

– тұмауға қарсы иммундау;

– медициналық мекемелерде «сүзгілерді» енгізу, бетперделерді қолдану, антисептиктермен қамтамасыз ету;

– ЖРВИ, тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға дәрәгерді үйге шақыру;

– мектепке дейінгі балалар мекемелерінде күнделікті таңертеңгі бақылауды енгізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды қабылдамау.

   Сондай-ақ инфекцияны болдырмауға көмектесетін белгілі арнайы емес профилактикалық шаралар бар. Бөлмені күн сайын желдетіп, қолыңызды мұқият жуып, антисептик пайдаланып, ауру өршіген кезеңде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту немесе бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және ұйқы мен тамақтану сапасын бақылау қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/996921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Қызылжар ауданда аудандық мәслихаттың кезекті 23 сессиясы өтті
Next: ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау бойынша семинар өтті→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version