2025 жылғы 5 сәуір мен 14 мамыр аралығында Федоров №1 жалпы білім беретін мектебінде Starlink спутниктік интернеті негізіндегі “Firewall as a Service” қызметі пилоттық режимде сынақтан өткізілді.
Жобаны БҚО білім басқармасының “Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының” директоры Ақан Бижанов аудандық білім бөлімдерінің басшыларына таныстырып, қызметтің артықшылықтары мен қауіпсіздік мүмкіндіктерін кеңінен түсіндірді.
🔐 Жобаның негізгі мүмкіндіктері:
✅ Сыртқы вирустардан қорғаныс
✅ Тыйым салынған контентті бұғаттау
✅ Бейнеағынды ЖБО мен АІІБ шығару
✅ Мектептерде дабыл түймесін орнату
Жоба аясында әлемдік киберқауіпсіздік көшбасшысы — Check Point компаниясының шешімдері қолданылды.
Бұл бастама — білім беру мекемелерінде қауіпсіз әрі тиімді цифрлық орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/996574?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау